Мұндай жағымды жаңалықты «CTS» ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердинов айтты. Оның сөзінше, 28 наурыздан бастап 18 жасқа дейінгі балалар қалаішілік қоғамдық көліктерде жолақысыз жүреді. Айта кетейік, қазір 7-ден 15 жасқа дейінгі балалардың жолақысы 40 теңге ал, 15 жастан жоғарғыларға 90 теңге. Көптеген тұрғындар әсіресе, көпбалалы отбасылар үшін балалардың жол жүру құны қалтаға салмақ салып жүргені белгілі. Осыны ескере келе, ешкімді бөліп-жармай кәмелет жасында дейінгі балаларға қоғамдық көліктерде тегін жүру жүйесін енгізу туралы шешім қабылдадық,-деді Бекмырза Игенбердинов.