Елжан Біртанов: Короновирустан қорқып, дүрбелең туғызудың қажеті жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елжан Біртанов: Короновирустан қорқып, дүрбелең туғызудың қажеті жоқ

27.02.2020

Бұл оба сияқты аса қауіпті әрі жұқпалы індет емес. Бұл күрделірек өтетін инфекциялық ауру. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов журналистермен өткен ашық алаңда осылай деді. 

Бас дәрігердің айтуынша, дертке шалдыққандар емделіп шығады. Ал шетелде қаза болғандарға келетін болсақ, олардың дерлігі зейнет жасындағылар, яғни иммунитеті төмен және созылмалы дертпен ауыратындар. Қазір Қазақстан бойынша жағдай тұрақты. Алайда қауіп жоқ емес. Өйткені жаңа вирус басқа елдерге тез тарап кетті. Әсіресе Оңтүстік Корея бірінші санаттағы қауіпті елдің қатарына кірді. Онда біздің мыңдаған қазақстандық жұмыс істеп жүр. Мамандар коронавирус тараған елде жүрген жерлестерімізге елге қайтуға кеңес беріп жатыр. Қазір сақтық шаралары бұрынғысынан да күшейді. Қаупі жоғары елден келген жолаушылар міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. 6-қаңтардан бастап карантинде болған 165 адамның 158-і үйлеріне шығарылды. Жетеуі оқшауда. Лайнерден түскендер де карантинде. Олардан коронавирус анықталған жоқ. 

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ




Хабарламаларға жазылу