Австралиялық Перт маңындағы жағажайда өзгеше тіршілік иесін тапты, деп хабарлайды Unilad.
Ер адам жаратылыстың суретін әлеуметтік желілерге жариялады.
Сәл кейін Маккуари университетінің Биологиялық ғылымдар кафедрасының профессоры Кулум Браун табылған тіршілік иесін теңіз қояны деп айтты. Айта кетейік, теңіз қояндары қорғаныш үшін сияны пайдаланатын тіршілік иесі. Олар бөлетін осы сия құрамында улы заттар бар.
Бұған дейін де мұндай жайт болған. «Сиара» теңіз дауылының салдарынан жұмбақ тіршілік иесі жағаға шығып қалған болатын.
Қазір әлемнің әр түкпірінде әлеуметтік желілерде қай жануар екені туралы желі қолданушылары дауласуда. Біреулері кит десе, басқалары түлкі акуласының қалдықтары деп болжам жасауда.