«Агромашхолдинг» зауытының өндіріс көлемі 70 пайызға артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Агромашхолдинг» зауытының өндіріс көлемі 70 пайызға артқан

26.02.2020

Отандық ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде тұтынушымен кері байланыс және сервистік қызмет жолға қойылған. Бұл осы саланың өсіп – өркендеуіне мүмкіндік беріп отыр. Мысалы, Қостанайдағы «Агромашхолдинг» зауытында былтыр өндіріс көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 70 пайызға артқан. Кәсіпорын 2003-ші жылы өз жұмысын «Енисей» комбайндарын құрастырудан бастады. Бүгінде желіден жылына 400-ге дейін заманауи «ЕSSIL» комбайндары, 300-ден аса «Ловол» тракторлары шығарылды. Былтырғы жылы өндірістік аумақтан «Кировец» тракторларын жасайтын жаңа кәсіпорын ашылды. Сонымен қатар мұнда қосалқы бөлшектер мен дән сепкіш, тырнауыш тәрізді көптеген техника түрлері дайындалады. Кәсіпорында 500-ден астам адам еңбек етеді.   

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу