Қазақстанда риелторлық қызметтің ұлттық стандарты әзірленді. Енді биылдан бастап бұл тізімге тек сынақтан өткен, кәсіби, тәжірибесі мол мамандар ғана кіреді. Осылайша, тұтынушы қандай адаммен байланысқанын электронды ортақ жүйеден көре алады. Себебі соңғы уақытта пәтер іздеген тұрғындарды алдап ақшасын үптеп кететін алаяқтар көбейген.
Елімізде риэлторлық қызмет көрсететін 2 мыңнан астам компания бар. Олардың қызметін қадағалайтын құзырлы мекеме жоқ. Сол себепті де риелторлар қауымдастығы Сауда және интергация министрлігімен бірлесіп ұлттық стандарт жобасын бекітті.
Ұлттық стандарттың тағы бір тиімділігі - риелторлардың электронды ортақ тізімі жасалады.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ