Жаңа несиелік бағдарлама ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа несиелік бағдарлама ашылды

14.09.2017

Қазақстанда жасалған агроөнеркәсіп кешені жабдықтарын сатып алу үшін жеңілдетілген несие беріледі. Ауыл шаруашылығы министрлігі, Аграрлық несие корпорациясы, Лизингтік компаниялар қауымдастығы және Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау қауымдастығы арнайы меморандумға қол қойды.

Жаңа жоба үлкен компаниялармен қатар ұсақ шаруашылықтарға да қолжетімді. 5,5 пайыздық мөлшерлемемен 60 айға дейін беріледі. 1 миллион теңгеден бастап, шаруашылық капиталының 25 пайызына дейін алуға болады.

Қарызды тек бір жылдан соң ғана өтей бастайсыз. Оған дейін жеңілдік мерзімі қарастырылып отыр.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу