Солтүстік Қазақстан облысында пакетке салынған шақалақтың денесі табылды.
25 ақпан күні Тайынша ауданының полиция бөліміне аудандық ауруханадан Обуховка ауылында жаңа туған сәбидің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексеру барысында үй маңына жасырылған пакеттен зорлықпен өлтірілген шақалақтың мәйітін тапты. Сәбидің анасының кім екені анықталып, оның үстінен Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша іс қозғалды.
Өлім себептерін анықтау үшін нәрестенің мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілген.