«Абай бол» ашық сабағы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Абай бол» ашық сабағы өтті

26.02.2020

Хәкім ақынды неге Абай атаймыз? Бұл есімнің мағынасы абайла, абай бол дегеннен де зор екен... Мұндай тың мәлімет елордалық 72-ші мектептің Қазақтың бас ақынының 175 жылдығына арналған ашық сабағында айтылды. Шәкірттердің қойылымынан білгеніміз, Абай ескі қазақ тілінде ес, жады деген мағынаға ие екен. Әжесі немересін халқының есі, жадысы болсын деп саналы түрде Абай деп қойған болып шығады. Немересі атына заты сай болып шықты – халқының есіне, жадысына айналды. 


Хабарламаларға жазылу