Жеті баланы бауырына басқан ана
Ресейдің Астрахань облысындағы Алтын жар ауылының тұрғыны Жұмағыз Иманбаеваны жергілікті жұрт ауыл анасы деп атайды. Жасы алпысты алқымдаған ол жетімдіктің зардабын тартқан жеті баланы бауырына басқан. Жәудіркөз жетім көрсе, жан шуағын аямайтын мейірімді жан өзге ұлт өкілдерінің баласын асырап алған. Балалардың барлығы кішкентайынан ата-анадан айырылып, жетімдіктің қорлығын көрген. Бірінің шешесі, бірінің әкесі сотталған. Алайда мейірімге толы ана құшағы, әке қамқоры ұл-қыздарына сенім ұялатты. Өнегелі отбасынан ауылдастары да үлгі алып отыр. Жетеу болмаса да, бір-екі баланы бауырына басып, пана болған жанұялар бар.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03