Заңсыз сұңқар тасымалдаған елорда әуежайының қызметкері сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз сұңқар тасымалдаған елорда әуежайының қызметкері сотталды

26.02.2020
Заңсыз сұңқар тасымалдаған елорда әуежайының қызметкері сотталды

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының қызметкері Қызыл кітапқа енген құстарды шетелге заңсыз тасымалдағаны үшін сотталды. 

Оның сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген 32 сұңқар тұқымдасын Біріккен Араб Әмірліктеріне тасымалдағаны анықталды.

Айыпталушы құстарды сөмкеге салып, Нұр-Сұлтан-Шардж рейсі арқылы жеткізген. 

Есіл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен қызметкер 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оның қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленді.

astana.sud.kz

Хабарламаларға жазылу