Еліміздің 9 өңірінде су тасқыны болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 9 өңірінде су тасқыны болуы мүмкін

25.02.2020

Еліміздің тоғыз өңірінде су тасқыны болуы мүмкін. Синоптиктер осындай ескерту жасады. Себебі, наурыз айында Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын мол болады. Қар деңгейі нормадан артық. Мамандар қазір барлық облыстардағы су деңгейін бақылап отыр.   

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу