Құранның қазақ тіліне жатық жаңа аудармасы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құранның қазақ тіліне жатық жаңа аудармасы жарық көрді

25.02.2020

Қазақ тіліне жатық Құранның жаңа аудармасы жарық көрді. Бұл нұсқада қоғамда талас тудырған өзекті мәселелер қамтылып, тұшымды жауаптары беріледі. Жалпы тура жолдан адасушылық аяттарды тікелей мағынасында қабылдауында жатыр. Ал осы еңбекте араб мәтінімен қоса аудармасы, оның дұрыс оқылуы және тәптіштелген тәпсірі бірге жүреді. Сондай-ақ сан саладағы ауқымды тақырыптар қамтылған. Араб тілінен аударған исламтанушы Ершат Оңғаров. Ал тілін көркемдеген прозашы Нұржан Мұраталиев. Рухани қазынаны жинақтауға 10 жыл уақыт кеткен. Әлемге әйгілі тәпсірші ғалымдардың еңбегі негізінде жазылып шықты. Аударманың тарауы 3 мың дана. Сұранысқа сай көбейтіле бермек.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу