Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады. Кездесу барысында одақ аясында мемлекет аралық қатынастарды одан әрі дамыту мәселесі талқыланды. Ұйымның құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикалық интеграция идеясын әрдайым қолдайды деді. Еуразиялық экономикалық одақ сәтті дамып келеді. Оған бірқатар елдің қызығушылық танытқаны дәлел. Елбасы Еуропалық одақпен интеграцияны дамыту бағытында да біраз жұмыс күтіп тұрғандығын айтты.
Сондай ақ бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарын қабылдады. Елбасы Жансейіт Түймебаевқа аудит жүргізуді тапсырды. Осылайша ассамблеяның орталық аппараты мен өңірлердегі жұмысын жандандыру керектігін айтты.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ