Пирамида қазақстандықтарға 5 миллиард теңгеден астам шығын келтірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пирамида қазақстандықтарға 5 миллиард теңгеден астам шығын келтірген

25.02.2020

Үш қаржылық пирамида қазақстандықтарға 5 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Қазір халықты алдаған үш ломбардтың жымысқы әрекетіне қатысты 22 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі тергеу бөлімінің басшысы Санжар Әділов мәлімдеді. Ал осы ірі серіктестіктің үш құрылтайшысына іздеу жарияланды. Жалпы 9 адам іздеуде, 13 адам қамауға алынды. Ішкі істер министрлігімен қатар қаржылық бақылау комитеті, прокуратура органдары да бірлесіп, тығыз жұмыс істеп жатыр. Банк шоттары тексерілуде. Мүлік пен қаржы табылған жағдайда соттың шешімімен иелеріне қайтарылады. Бүгінге дейін 3 мыңға жуық шағым түсті. Тәркіленген құжаттарға сәйкес компаниялар 42 мың адаммен келісім жасасқан.  

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу