Бүгін Германияның Баден-Баден қаласында «Үлкен жиырмалық» елдерінің саммиті ашылды.
Алқалы жиынға осы ұйымға мүше мемлекеттердің қаржы министрлері, орталық банк басшылары, Халықаралық валюта қоры өкілдері қатысып жатыр.
Кездесуде талқыланатын басты тақырып - протекционизм немесе мемлекеттердің сыртқы сауда саясатында ортақ консенсусқа қол жеткізу мәселесі.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ