Депортация дүрбелеңі. Корейлер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депортация дүрбелеңі. Корейлер

25.02.2020
Депортация дүрбелеңі. Корейлер

Қазіргі Қазақстан мен Орта Азия аумағында корейлер 1897 жылы өткізілген алғашқы бүкілресейлік халық санағында көрсетілген. Олар Жетісу облысының Верный уезінде, Жаркент уезінде, Сырдария облысында, Перов уезінде және Ақмола облысында өмір сүрген. Теміржол, кен өндіру саласында қызмет еткен. 

Корейлерді алғаш күштеп көшіру патшалық режим кезінде жүргізілген. Орыс-жапон соғысы басталысымен Николай II патша Қиыр Шығыста тұрып жатқан халықтарды полиция бақылауында ұстап, ішкі губернияларға қоныс аударған.

1937 жылы, сталиндік қанды репрессияның ең сұрапыл жылында корейлерді мәжбүрлі түрде Қиыр Шығыстан көшірді. Халықтың үлкен-кішісіне қарамай, жүк вагондарына тиеп, Қазақстан мен өзбек жеріне жеткізді. 

Алғашында қазақ жеріне көшіп келген корейлер көптеген қиындықты бастан кешірді. Оларға жергілікті ауа райына, табиғи жағдайларына бейімделуге тура келді. 1937 жылы қараша айында келе бастаған корейлер қыстың ызғары мен аязына тап болды. Олардың баспанасы болған жоқ. Корейлер жертөлелерді, жазғы асүйлерді, қоймаларды және өзге де шаруашылық ғимараттарын паналауға мәжбүр болды. Қазақстанның шөлді аймақтарына қоныстанғандар су тапшылығын бастан өткерді, сөйтіп арық суын пайдаланды. Осылайша халық арасында инфекциялық аурулар тарай бастады. Балалардың көбі осы аурулардан көз жұмды.

Осындай қиын-қыстау заманда корей халқына тегі, тілі, діні бөлек қазақ халқы қолұшын созды. Алыстан әбден титықтап келген қонақтарды ат арбаларымен келіп, өз отбасыларына әкетті. Қолындағы бір үзім нанын бөліп берді. Қуғын-сүргін және ашаршылыққа қарамастан екі халық тату-тәтті өмір сүріп кетті. Осылайша қазақ-корей арасындағы достық беки түсті. 

e-history.kz

Хабарламаларға жазылу