Қарағанды облысында 7 ауданды су басу қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 7 ауданды су басу қаупі бар

24.02.2020

Қарағанды облысында 7 ауданды су басу қаупі бар. Қазір өңірдегі жолдардың 39 учаскесі мен 16 көпір және 400 суағар күшейтілген бақылауға алынды. Алайда ақтүтек борандағы қалың қар әлі күнге дейін толық тазартылмай жатыр. Себебі техника тапшы.    

Қарқаралы, Бұқар жырау, Нұра, Шет, Абай, Жаңаарқа, Ақтоғай аудандарына тасқын қаупі төніп тұр. Бұл аумақтар, негізінен, Нұра, Шерубай-Нұра, Сарысу, Талды сынды ірі өзендердің бойында орналасқан. Өңірдегі 262 су қоймасының бәрі қарға сіресіп тұр. Бір ғана Нұра өзенінің бойында 34 ауыл ерекше назарға алынып отыр.

Синоптиктердің болжамы бойынша, наурыз айының ортасынана былай күн күрт жылиды. Бұл су деңгейі көтеріліп, өзендердің арнасынан асуына әкеп соғуы әбден мүмкін. Сондықтан елді мекендердегі қауіпсіздік шаралары бұрынғыдан да күшейтілмек.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу