Бұқаралық спорт кенжелеп тұр- А.Райымқұлова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұқаралық спорт кенжелеп тұр- А.Райымқұлова

24.02.2020

Олимпиадалық спорт түрлеріне бөлінген 14 миллиард теңгенің дені спортшылардың жаттығуына емес, менеджерлерге жұмсалып жатыр. Бүгін үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев қазына қаржысының тиімді игерілуіне қатысты сын айтты.

Тағы бір мәселе, елімізде бұқаралық спорт дамымай тұр. Халық үштен бірі ғана спортпен айналысады. Бұл басқа басқа көрші мемлекеттермен де салыстыруға келмейді. Мысалы, Ресейде тұрғындардың жартысынан астамы спортпен шұғылданды екен. Біздегі проблеманың басты себебі – спорт кешендерінің қызмет құны қалта көтермейді. Тіпті, 2000-ға жуық мектепте спорт зал атымен жоқ.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу