Мемлекет басшысы «Air Astana» әуе компаниясының президентін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Air Astana» әуе компаниясының президентін қабылдады

24.02.2020

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Air Astana» әуе компаниясының президентін қабылдады. Питер Фостер ұлттық әуе компаниясының қазіргі жағдайы мен оны дамытудың жоспары жайлы баяндады. Атап айтқанда, жолаушылар тасымалының ішкі көлемін арттыру және жаңадан ашылған шетелдік бағыттар, әуе билеттерінің бағасын арзандату шаралары туралы ақпарат берді. Мемлекет басшысы «Ашық аспан» режимін одан әрі дамытудың және жаңа шет елдік бағыттарды ашу, оның ішінде, Сингапур, Нью-Йорк секілді әлемнің басқа да ірі қалаларымен қатынас орнатудың маңыздылығын атады. Сондай-ақ ел азаматтары үшін әуе билеттерін арзандату бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға айрықша мән беру керектігін айтты.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу