Атырауда көпбалалы және аз қамтылған 72 отбасы баспаналы болды.
«Береке» ықшам ауданында орналасқан жаңа үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған. Жауаптылар жыл соңына дейін тағы да 72 пәтерлік 4 үйді ел игілігіне береміз деп отыр.
Бүгінде өңірде 27 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр. Оның 3 мыңға жуығы - көпбалалы отбасылар.
Жандос Темірғали