Спорттық дода Нью-Дели қаласында өтті. Қазақстан құрамасы 19 медальмен командалық есепте үшінші орынға жайғасты.
Грек-рим күресінен палуандарымыз 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медальге қол жеткізді. Еркін күрестен 2 спортшымыз чемпион атанды. Ал әйелдер құрамасы араға алты жыл салып, 2 алтын медальді қоржынға салды.
Күрестің үш түрінен өткен Азия біріншілігінде қазақ спортшылары 5 алтын, 2 күміс, 12 қола медальді қанжығаға байлады.