Қазақстанда қаржылық технологияларды дамыту орталығы ашылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда қаржылық технологияларды дамыту орталығы ашылуы мүмкін

07.09.2017

Бүгін Астана халықаралық қаржы орталығы мен Microsoft компаниясы екеуара ынтымақтастықты арттыру туралы меморандумға қол қойды. Нәтижесінде тараптар Қазақстанда блокчейн-технологияларды дамыту бағытында күш біріктіреді. Қолданыстағы жаңашылдықтарды жетілдіріп, жаңа стартап жобаларды қаржыландырады, қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, келісім елдегі кәсіпкерлер мен үкімет арасындағы әріптестікті жандандырып, инвестициялық жағдайды дамытуға мүмкіндік бермек.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу