Қарағандыда бейбіт шерулер туралы заң жобасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда бейбіт шерулер туралы заң жобасы талқыланды

24.02.2020

Ұлттық сенім кеңесінің мүшелері қарағандылық қоғам белсенділерімен кездесіп, «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын талқылады. Жаңа тұжырымдама бойынша митинг, пикет, жиналыс, шеру секілді бейбіт акция түрлеріне нақты құқықтық анықтама берілген. 

Енді 250 адам қатысатын шараны өткізу үшін тек билікті хабардар ету жеткілікті. Ал жиналғандар саны одан асып кетсе, жергілікті биліктің келісімі болуы шарт. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу