Қызылағаш оқиғасы сабақ болды ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылағаш оқиғасы сабақ болды ма?

23.02.2020

Алматы облысындағы Қызылағаш ауылында болған апатқа келесі айда 10 жыл толады... 2010 жылы Қызылағаш су қоймасы жарылып, кесірінен 45 адамның өмірін қиылған еді. Сол уақытта куәгерлер: ауыл тұрғындарының біразын тас жолдың бойымен қашып бара жатқанда, судың екпіні жұлып кетті, деген. Сонымен бірге апат ауылдағы мал-мүлікті түгелдей дерлік жұтты...  

Апат болғанға дейін сол кездегі төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің облыстық басқармасы бірнеше жыл Қызылағаш су қоймасына қатысты көптеген ескерту жасаған. Су тоспаларын адам қолының күшімен емес, электр қуатымен көтеретін арнайы қондырғы орнатылсын деген бұйрық та берілген. Алайда су қоймасының қожайындары бұл ескертулерге қатысты нақты ешнәрсе жасамаған. Тұрғындар: Бөгеттің деңгейін көріп, судың артығын ағызып тұрса, мұндай қайғыға ұшырамас едік. Оның үстіне мемлекеттік мәні бар бө¬гет¬тің жеке адамға беріліп, жеке¬ше¬лендірілгені дұрыс емес болды, деген. Су тасқынынан кейін төрт айдың ішінде 460-тан астам үй жаңадан салынып, 30 үй бастан-аяқ жөнделген. Дегенмен тез салынған үйлердің сапасына тұрғындар наразы болған. Тіпті берілуі тиіс жәрдемақының берілмегені айтылған.

Қазіргі ахуал қандай? Осы Қызылағаш оқиғасы сабақ болды ма? Сол Алматы облысының өзінде су басу қаупі бар ауылдар әлі бар ғой... ІІ министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті биыл қардың қалың түсуінен су басатын аймақтың жылдағыдан көп болатынын ескертіп отыр.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ  


Хабарламаларға жазылу