Қазақстандық Култышевтар отбасында 16-шы бала дүниеге келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық Култышевтар отбасында 16-шы бала дүниеге келеді

21.02.2020

Теріскейлік Култышевтар отбасы көп ұзамай 16-шы баласын дүниеге әкелмек. Ұл-қыздарының үлкені 18 жаста болса, кенжесі 9 айлық.

Татьяна мен Павел Култышевтардың шаңырақ құрғанына биыл 18 жыл. Тұңғышын 20 жасында дүниеге әкелген көпбалалы ана бүгінде 8 ұл, 7 қыз тәрбиелеп отыр. Отбасындағы балалардың 11-і - оқушы. Тетелестері бір сыныпта жұптасып оқиды, бірге барып, бірге келеді.

Әр баланың өз несібесі бар деп есептейтін отағасының өзі де көпбалалы отбасында өскен. Шағын кәсібі бар. Біреуден ілгері, біреуден кейін тұрмысымызға тәуба, ешқашан көмек сұрап, алақан жайып көрмегендерін айтады.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу