Жұмыртқа қымбаттайды. Баға 40 пайызға дейін көтерілуі мүмкін. Себебі мемлекет жұмыртқа өндірісін субсидиялауды тоқтатты. Осы уақытқа дейін фабрикаларға әр жұмыртқа үшін 2-3 теңге төленетін. Енді ол демеу қаржы болмаса шығыны көп өндірісті сақтап қалу қиын екенін айтады өнім өндірушілер.
Жұмыртқа өндірушілерге 10 жыл субсидия төленді. Шығын соның есебінен реттелетін. Нәтижесінде отандық кәсіпорындар ішкі нарықтың қажеттілігін артығымен қамтамасыз етті. Жылына 5 миллиардқа жуық жұмыртқа шығарылды. Енді әрі қарай фабрикалар өз күнін өзі көруі керек екенін айтады. Бірақ жұмыртқа өндірушілер мұнымен келіспейді. Субсидиясыз кіріс көлемі өспейді. Ал бұл бағаның өсуіне әкеледі. Қазір сауда орындарында 10 жұмыртқаның орташа бағасы -360 теңге. Бірақ өндірушілер өнім құнын алдағы уақытта екі есеге дейін өсіруді жоспарлап отыр.
Субсидияны алып тастаған министрлік пен оған наразылық білдіріп отырған өндірушілер ортақ мәмлеге келуі тиіс. Өйтпеген жағдайда салмақ халықтың қалтасына түспек.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ