Шығарма үш томнан тұрады.Туындыда Еуразия құрлығында үш ғасыр бойы билік жүргізген байырғы түріктердің қайталанбас мәдениеті жазылған. Автор бұл кітаптарды жазу үшін 40 жыл өмірін сарп еттім деп отыр. Ғалым XIX ғасырда табылған мұраларды жаңалап, аударған. Кітапта түркі даласында тұрған ескерткіштердің орналасқан жері және толық сипаттамасы берілген. Автордың айтуынша, мұндай кең ауқымды кітап бұған дейін жарық көрмеген.
Ғабит БӨКЕНБАЙ