Қарағандылықтар қан тапсыру акциясын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылықтар қан тапсыру акциясын бастады

21.02.2020

Қарағандылық жастар «Өмір тамшысы» деген атпен қан тапсыру акциясын бастады. Волонтерлер жылына орай қолға алынған шараны жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма, облыстық жастар ресурстық орталығы және «Жас Отан» жастар қанаты бірлесе ұйымдастырған. Акцияның мақсаты – белсенді жастарды волонтерлікке тарту, қоғамдық істі бірлесіп атқаруға, қайырымдылыққа баулу. Бір аптаға созылатын шара аясында 200-ге тарта адам қан тапсырады. Бүгін солардың алғашқы легі 40 белсенді жас орталыққа келген. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу