Шерулер кезіндегі құқық қорғау қызметкерлерінің құзіреті мен іс-әрекетін анықтап, митингке рұқсат алу мерзімін қысқартқан жөн. Көкшетауда жаңа заң жобасын талқылау кезінде қоғам белсенділері осындай ұсыныстарын айтты.
Отырыста құжаттың негізгі мазмұнымен ақпарат және қоғамдық даму министрілігің өкілі таныстырды. Заң жобасында шеру, митинг, пикет сынды шаралардың нақты анықтамасы берілген. Бұл бейбіт жиналыстардың сипатын айқындауға мүмкіндік береді. Бейбіт жиналыстар өткізудің екі жолы бар. Бірі рұқсат алу, екіншісі өкілетті органды ескерту. Ол ұйымдастырылатын шараның форматына байланысты. Отырысқа жиналғандар шеруге келетіндердің санын алдын-алу білу мүмкін емес деген пікірде. Сондай-ақ баламалы орындардың болуын тиіс деген ұсыныс та айтылды. Бастысы бейбіт шерулер ешкімнің құқығын шектеп, қоғамға қауіп төндірмеуі керек.
Ермек Елберген