Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

21.02.2020
Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіков өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Ал бұл іске қатысы бар Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев және Айдос Әкімов заңсыз аң аулағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталды. 

Барлық сотталғандар 20 және 30 АЕК көлемінде өтемақы төлейді.

Сонымен қатар, сот олардан 17 ақбөкенді өлтіргені үшін өтемақы ретінде 89 миллионнан астам теңге өндіріп алу туралы қаулы қабылдады.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында Қарағанды облысында браконьерлер шабуылынан «Охотзоопром» мекемесінің қорықшысы Ерлан Нұрғалиев қайтыс болды. 

Хабарламаларға жазылу