Наурыз мейрамы енді елімізде 8 күн бойы тойлануы мүмкін. Ғалымдар мен қоғамдық пікір көшбасшылары осындай ұсыныс айтып жатыр. Ұлық мерекені наурыздың 14-мен 22-не дейін тойлау арқылы оның маңыздылығын арттыра түсетіндігін айтады зиялы қауым өкілдері. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған «Азаматтық алаң» пікірталас клубының алғашқы отырысында осы мәселе жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ шара барысында рухани жаңғыру бағдарламасының жұмысын жұртшылыққа кеңінен насихаттайтын жаңа елшілер таныстырылды.
Айсәуле