Ресейде Қытай азаматтарына виза беру шектелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде Қытай азаматтарына виза беру шектелді

20.02.2020

Ал Мәскеу коронавирус қаупіне байланысты сақтық шараларын күшейтіп отыр. Көрші ел Қытай азаматтарына виза беруді шектеді. Әзірге Ресейге Қытайдан туристер, жеке тұлғалар, студенттер, жұмысшылар кіре алмайды. Дегенмен, Кремльдің мәлімдеуінше, бұл елден ресми, кәсіпкерлік, гуманитарлық, транзиттік визамен келгендердің, Федерация аумағына кіруіне бұрынғыдай рұқсат беріледі. Айта кетейік, Ресейде үш адамнан коронавирус табылды. Олардың барлығы емделіп, үйлеріне жіберілген. Дегенмен, мұнда 14 мыңдай адам дәрігерлердің бақылауына алынып отыр. Тағы бір жайт, Ресей Қытайға, Солтүстік Кореяға қатынайтын барлық пойыздарын тоқтатып, Моңғолиямен арадағы құрлықтық шекарасын да жапты.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу