Уханнан келген студенттерге міндетті медициналық сақтандыру аясында көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Уханнан келген студенттерге міндетті медициналық сақтандыру аясында көмек көрсетілді

20.02.2020

Уханнан келген студенттерге міндетті медициналық сақтандыру аясында көмек көрсетілді. Бүгін қор мамандары денсаулық саласында жаңартылған жүйенің жұмыстарына есеп берді. Айтуларынша, студенттер 15 санаттың қатарына кіреді. Сондықтан ем-шара жұмыстарына тексеру қызметіне қаржы қордан аударылған. Ал шетелдік қызметкерлер мен жұмысшыларға тек шұғыл жағдайда кепілдендірілген көмек көрсетіледі.   

Қорға жалпы, бір айдың ішінде, 34 миллиард теңге жарна аударылған. Дегенмен, 1,5 миллион қазақстандық медициналық сақтандыру қорына жарна төлемеген. Мұның қатарында жұмыссыздар мен өз-өзін жұмыспен қамтамасыз еткен кәсіпкерлер бар. Егер олар 31-наурызға дейін статусын анықтап, өз атына 1 пайыз жарна төлемесе медициналық қызметті ақылы өтуге тура келеді.Ал жұмыстан шығып қалған жағдайда, тек 3 ай мемлекет есебінен сақтандырылады.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу