Ақтөбедегі ірі базарлар бір күнге жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі ірі базарлар бір күнге жабылады

20.02.2020

Ақтөбеде бүгіннен бастап ірі базарлардың барлығы кезек-кезегімен бір күнге жабылады. Себебі коронавирусқа қарсы дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Бұған саудагерлер де түсіністікпен қараған. Одан бөлек халық көп шоғырланған жерлерде кезекті рет індетке қарсы оқу-жаттығулар өтпек.

Зарарсыздандыру жұмыстары кезеѕң-кезеңмен басқа да сауда орындарында жүргізіледі. Тұрғындар арасында алаңдаушылық жоқ. Медициналық бетперделерге сұраныс та көп емес.

Мамандар, әсіресе, шет елдерге шығатын тұрғындарға сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді.

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу