Семейде жекеменшік секторды қардан тазартуға қосымша қаржы қажет. Өйткені биыл өңірде қар мөлшері бірнеше есе көп. Қыс маусымында тазалық жұмыстарына бөлінген 40 млн теңге түгелдей жұмсалған.
Енді мамандар қаладағы жекеменшік секторды тазалап үлгеру қажеттігін айтуда. Қазір су басуы мүмкін деген 50-ден астам көше анықталып отыр. Оларды көктемге дейін тазалау үшін бюджеттен қосымша 100 млн теңге керек көрінеді.
Су тасқынның алдын алу үшін, қала билігі кәсіпкерлер мен ірі мекемелерден өзіне тиесілі аумақты тазалауды талап етіп отыр.
Ержан ЖАҚЫП