«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Екібастұздағы МАЭС-1 стансасына барды. Жұмысшыларымен кездесуде әлеуметтік және еңбек құқығын қорғау заңнамасын жетілдіру талқыланды. Сондай-ақ, партия осы өңірдегі ащы су шіп отырған Сарықамыс ауылы тұрғындарының өтінішін жеке бақылауға алды.
Ал, жергілікті билік елді мекенде биыл орталықтандырылған су жүйесін салуға уәде берді. Бауыржан Байбек ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге арналған «Алтынай» балабақшасына да барды. Ғимаратқа 10 жылдан бері жөндеу жасалмаған. Апатты жағдайда тұр. 130-дан астам бала осы орталыққа келеді.
Болат АМАНБАЕВ