Шымкент маңындағы әскери бөлімнен сарбаз қару-жарақ алып қашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент маңындағы әскери бөлімнен сарбаз қару-жарақ алып қашты

20.02.2020
Шымкент маңындағы әскери бөлімнен сарбаз қару-жарақ алып қашты

Қаруды алып қашқан сарбаздың келісімшартпен қызмет етіп жатқан кіші сержант А. Балғынбай екені анықталды. 

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, кіші сержант 30 Калашников автоматын, 27 Макаров тапаншасын, 444 оқ дәріні алып кеткен болуы мүмкін.

Құқық қорғау органдарының күштері мен әскери полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қабылданды.



Хабарламаларға жазылу