Елімізде бастапқы капитал құны 40 миллион доллар болатын қазақ-венгр инвестициялық қоры құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бастапқы капитал құны 40 миллион доллар болатын қазақ-венгр инвестициялық қоры құрылды

25.08.2017

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан агроөнеркәсіптік инвестициялық форумда айтылды. Соңғы 5 жылда еліміздің ауылшаруашылық саласына 1,3 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылған. 2021 жылға дейін көрсеткішті еселеу көзделіп отыр. Сала мамандары оған толық мүмкіндік бар,- дейді.

Форумға Азия даму банкі, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы, Ислам даму банкі, Халықаралық электронды сауда алаңының және тағы да басқа ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу