Шардара ауданындағы мақташылар субсидия ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шардара ауданындағы мақташылар субсидия ала алмай жүр

19.02.2020

Түркістан облысы Шардара ауданындағы мақта еккен 500-ден астам шаруа мемлекеттен берілген субсидия қаржыны даулап ала алмай жүр. Олардың айтуынша, жергілікті билік ауыл шаруашылығын қолдау мақсатындағы қаржының берілу тәртібін көпшілікке әдейі дұрыс түсіндірмеген. Салдарынан жермен жан баққан жұрт өздеріне тиесілі болған миллиондаған ақшадан айырылып қалды.  

Ашынған шаруалар екі жылдан бері осы істің әділдігіне жете алмай жүр. Әкімдер субсидиялау тәртібі туралы жұртты дер кезінде құлақтандырдық деп бой бермейді. Онысын қағазбен рәсімдеп те алған.

Бұл мәселеде жұрттың күмәні ойы да негізсіз емес. Сол жылы субсидияны аудан бойынша небәрі 19 шаруашылық алған. Билікке сенсек, өзгелері қамсыз жүріп қаржыдан құр қалған деп өздерін кінәлайды. Ал олардың саны мыңдап саналады.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ


Хабарламаларға жазылу