Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

23.08.2017

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме мен ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 10,25 пайызға дейін төмендетті. Банк төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша, қазір жылдық инфляция баяулап, жоспарланған деңгейде тұр. Ал, оның біршама төмендеуі Ұлттық банктің болжамдық бағалауларына сәйкес келеді. «Қазір елімізде долларсыздандыру үдерісі қалыпты деңгейде жүріп жатыр. Мәселен, жыл өткен сайын депозиттерін теңгемен сақтайтын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың саны артып келеді. Бұл ұлттық валютаға деген қазақстандықтардың сенімін көрсетеді»,- дейді.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу