Еліміздің солтүстік облыстарында да барлық бағыттағы трассалар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің солтүстік облыстарында да барлық бағыттағы трассалар жабылды

19.02.2020

Ақтүтек боранның салдарынан еліміздің солтүстік облыстарында да барлық бағыттағы трассалар жабылды. Теріскейде жолда қалған 100-ден астам көлік, 241 адам құтқарылды. Ақмола облысы аумағында да ат құлағы көрінбес боранда қар құрсауында қалған 51 адам уақытша жылыту орындарына жеткізілді. Қазір 37 көлік әлі де қар астында. Қарағанды облысында да көлік қозғалысы шектеліп, сабақ тоқтатылды. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу