«Павлодар қалалық мамандандырылған тергеу сотының 2020 жылдың 18 ақпанындағы үкімімен ҚР ҰҚК Тергеу-жедел тобының басшысы – ТД бас тергеушісінің ҚР Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау қызметінің бастығымен келісілген қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын үй қамауына өзгерту туралы өтініші қанағаттандырылды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, ҚР ҰҚК-де Павлодар облысының әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Болат Бақауов екі айға қамауға алынған еді.