Митинг ұйымдастырушылар оның өтуіне тікелей жауапты болуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Митинг ұйымдастырушылар оның өтуіне тікелей жауапты болуы тиіс

18.02.2020

Бейбіт жиындарды ұйымдастыру туралы заң жобасын талқылауға қатысты бірлескен комиссия құру керек. Саясаттанушылар мен қоғам белсенділерінің ойы осындай. Фейсбук қолданушыларына арналған онлайн жиында құжатқа байланысты елдегі түрлі топтардың ұсыныстары ескерілуі керек екені айтылды. Сондай-ақ митинг ұйымдастырушылар оның өтуіне тікелей жауапты болуы қажет. Қазір аталған заң жобасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Онлайн пікір-таласқа жиналғандардың сөзінше, бейбіт жиындар орталықтарда өткен дұрыс, бірақ митинг мәдениеті сақталу керек.

Саламат ОМАШ



Хабарламаларға жазылу