Сыр өңірінде 10 ауылды аудан орталығымен байланыстыратын көпір апатты жағдайда тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңірінде 10 ауылды аудан орталығымен байланыстыратын көпір апатты жағдайда тұр

18.02.2020

Сыр өңірінде 10-нан аса ауыл халқы, демек, 20 мыңға жуық тұрғын аудан орталығына жете алмай қалуы мүмкін. Себебі «Жаңақорған-Қандөз» автожолының бойындағы көпірдің іргетасы сыр беріп, әбден тозығы жетіп тұр. Кентке баратын жалғыз жолдың мәселесін ауылдағы ағайын жыл сайын көтергенімен, бірақ әлі нақ шешімін таппай келеді. 

«Жаңақорған-Қандөз» бағытындағы жолдың бойында оннан аса елді мекен, 20 мыңға жуық халық бар. Олар үшін бұл нысанның маңызы зор. Оның үстіне, аудан орталығына қатынайтын жалғыз автожол осы. 

Ауылдағы ағайынның көптен бері айтып жүрген өткелін жаңартуға жоба-сметалық құжат тек былтыр әзірленген. Жалпы сомасы 205 миллион теңге. Қаржының жартысы облыстық, қалғаны республикалық бюджеттен қаралмақ. 

Жалпы облыстық маңыздағы ішкі жолдарда 60-тан аса өткел болса, соның 17-сі бүгінде жөндеуді қажет етеді. Яғни, көпірдің мәселесі аймақта өзекті.  

Әділбек СЕРІКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу