Елімізде пайдалы қазба қорлары сарқылып жатыр

18.02.2020

Елімізде пайдалы қазба қорлары сарқылып, кен орындары таусылып жатыр. Тіпті Экология, геология және табиғи ресурстар министрі алдағы уақатта мұндай қорлардың саны күрт артуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан шұғыл түрде геологиялық зерттеу жұмыстарын жандандырып, жаңа кен орындарын табу қажет. 

Яғни сарқылған қордың орнына уақытында жаңасын ашпайтынымызды айтады министр. Бұлай жалғаса берсе экономикасы мұнай мен газ секілді шикізатқа тәуелді Қазақстан үшін ауыр соққы болуы ғажап емес. Сондықтан Мағзұм Мырзағалиев геологиялық зерттеулерді кешіктірмей бастау керек екенін айтты. Өйткені пайдалы қазбаны тауып, оны өндіру үшін де 10-15 жыл қажет. Премьер-Министр де мәселені қазірден қолға алып, алдын ала қамдануды тапсырды. Оның үстіне бұл инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Қазір елімізде 8 мыңның үстіне кен орны бар. Оның негізгі бөлінігндегі қор әлі 30-40 жылға жетуі мүмкін екенін көрсетті кейбір есептер. Бірақ экономикалық тұрғыдан бұл ұзақ мерзім емес. Шұғыл балама көздерін табу қажет.     

Досжан МАРАТҰЛЫ




Хабарламаларға жазылу