Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор шығыстары 128,6 млрд теңгеге қысқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор шығыстары 128,6 млрд теңгеге қысқарады

18.02.2020
Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор шығыстары 128,6 млрд теңгеге қысқарады

Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор шығыстары 128,6 млрд теңгеге қысқарады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.

Оның ішінде мемлекеттік органдардан 23 млрд теңге, өңірлерден 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 79 млрд теңге үнемделмек.

«Мемлекеттік бюджет бойынша оңтайландыруға мынадай шығыстар ұсынылды: семинарлар, конференциялар өткізуге, автокөлік, жиһаз сатып алуға арналған шығыстар, іссапар, өкілдік шығыстар, талдамалы зерттеулер, өзге де өнімді емес шығыстар. Өз кезегінде Қаржы министрлігінің 2018-2019 жылдары бюджетті атқару, бюджет заңнамасының жаңа нормалары, сондай-ақ инвестициялық жобалардың толық және уақтылы игерілуін бағалау негізінде шығыстарды оңтайландыру бойынша қосымша ұсыныстары бар. Осыған сәйкес, әкімшілермен бірлесіп 2020 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде ескеру үшін шығыстарды қосымша оңтайландыру мәселесі пысықталады», - деді Ә.Смайылов.


Хабарламаларға жазылу