COVID-19 вирусы: Өлім-жітім азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19 вирусы: Өлім-жітім азайды

18.02.2020
COVID-19 вирусы: Өлім-жітім азайды

Қытайда COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 72,4 мыңнан асты. Оның 1868-і қайтыс болды. 12 552 адам емделіп, ауруханадан шығарылды. 

Өткен тәулікте бұл елде 1886 адамның індет жұқтырғаны анықталып, 98 өлім-жітім тіркелді. 1701 науқас ауруханадан шығарылды. 

Сингапурде коронавирус карантинін бұзғандарға қатаң жаза қолданылмақ. Мәселен, Қытайдан келген адамдар карантин ережелерін бұзса, 6 айға сотталады. Сондай-ақ ірі көлемде айыппұл төлейді. Ал шетелдіктер елден шығарылады. Енді індет тараған аймақтан келген тұрғындар екі апта бойы үй карантинінде болуы тиіс. Оларға тұрғылықты жерінен ешқайда шығуға болмайды. Жаңа ереже бүгін жергілікті уақыт бойынша 23:59-да күшіне енеді.

Фото: REUTERS 



Хабарламаларға жазылу