Ақордада республикалық бюджеттің қолдауына тәуелді квазимемлекеттік компаниялар мәселесі көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдап, бұл саладағы кемшіліктер мен өзекті мәселелер көтерілді. Наталья Годунова экономикадағы квазимемлекеттік сектордың үлесі әлі де азаймай тұрғанын, сондай-ақ сатып алулар кезіндегі рәсімдеуде ашықтық жоғын айтты. Сондықтан квазимемлекеттік сектордағы кейбір компанияларды жабу ұсынылды.