Көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы 159 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы 159 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

17.02.2020

Елімізде көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы 159 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бүгін кеңейтілген алқа отырысын өткізген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осындай бастама көтерді.

Бүгін алқа отырысын өткізген Біржан Нұрымбетов жағдайды ушықтырғысы келмеді ме алдымен алтын құрсақты аналарды қуантып қойды. Яғни министр 74 мың теңгемен шектелмей, бала көп болған сайын жәрдемақыны да өсіру керек екенін айтты.

Жалпы мұндай жәрдемақыны елімізде 370 мың отбасы алып отыр. Ал атаулы әлеуметтік көмек алатындар әлдеқайда аз. 73 отбасы. Биыл олар үшін осы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі өзгерген. Әрі тоқсан сайын мұндай отбасының тұрмыс жағдайы қайта тексеріліп тұрмақ.

Бала күтіміндегі әйелдерге жәрдемақы төлеу мерзімін де үш жылға дейін ұзарту мәселесінің қаралып жатқаны белгілі. Жалпы көп балалы және тұрмысы төмен жанұяларды жарылқау үшін биыл бюджеттен 560 миллиард теңге бөлінген.

Досжан МАРАТҰЛЫ 


Хабарламаларға жазылу