Елордада соғыс ардагерлеріне 850 мың теңгеден беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада соғыс ардагерлеріне 850 мың теңгеден беріледі

17.02.2020
Елордада соғыс ардагерлеріне 850 мың теңгеден беріледі

Жеңіс күні қарсаңында елордалық соғыс ардагерлеріне 850 мың теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санатына қосымша әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы жобада көрсетілген.

Жоба бойынша ардагерлерге мынадай әлеуметтік көмек көрсетіледі:

    • 850 000 теңге көлеміндегі біржолғы ақшалай төлем беріледі;

    • Біркелкі формамен қамтамасыз етіледі (киімнің толық жиынтығы: сұр костюм, сұр пальто, берет және көк түсті галстук, ақ көйлек, қара аяқ киім);

    • ТМД елдері ішінде және Қазақстан аумағында теміржол және әуе көлігімен тегін жүреді.

Соғыс ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінен бөлінеді.

Айта кетейік, Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге төленетін біржолғы көмектің мөлшері әр аймақта әртүрлі болмақ. Мәселен, Қарағанды ​​мен Павлодар облысындағы ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріледі.

Хабарламаларға жазылу